jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің Бас прокуратурасы Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апаты. Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev

Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлады. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.

Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.

Еліміздің Бас прокуратурасы Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.