jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда ұшақ апаты болған ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтаудағы ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апаты. Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтауда Azerbaijan Airlines авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты соңғы мәліметтерді жария етті. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ресми деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған.

Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы, 1 адамның азаматтығы анықталуда. Экипаж мүшелерінің барлығы Әзірбайжан азаматтары.

Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 3 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Жедел желі телефондарына 571 өтініш түсті.

Оқиға орнында 432 адам, 79 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

ТЖМ кинологиялық қызметі іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ бейнеконференцбайланыс режимінде ақпарат алмасуда.

Ақтауда ұшақ апаты болған ауданда төтенше жағдай жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.