jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Болашақ" стипендиясы иегерлерлерінің тізімі жарияланды

студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 271 қазақстандық халықаралық "Болашақ" стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық бағдарламалар орталығының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Грант жеңімпаздарының толық тізімімен мына жерден көруге болады.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 1993 жылы құрылған "Болашақ" бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 301 қаулысымен жарғылық капиталға мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы құрылды.

Қызметтің негізгі нысаны – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық бағдарламалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

"Болашақ" стипендиясы иегерлерлерінің тізімі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.