jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты

Шымкенттегі қоғамдық көлік
Шымкенттегі қоғамдық көлік. Фото: gov.kz

Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте 14 жекелеген санаттағы азаматтарға тегін жүру құқығы берілді. Бұл шешім қала тұрғындары мен ұйымдардың көптеген өтініштерін ескере отырып қабылданды.

Жалпы алғанда, жеңілдікпен 319 мың азамат қамтылды. Жеңілдік карталарын алу үшін қала аумағында арнайы 4 пункт ашылды. Олар Абай, Тұран, Қаратау аудандарының әкімдіктерінде және Әл-Фараби алаңында орналасқан. Бұл бастама әлеуметтік тұрғыда көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету және қоғамдық көлік қызметтерін барынша қолжетімді ету мақсатында жүзеге асырылды.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен арнайы қаулы қабылданып, 2024 жылдың 15 қазанынан бастап қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жүйесі жойылды. Енді төлемдер тек электронды әдістермен жүзеге асырылады. Олардың қатарына көлік карталары, QR-код, SMS, банк карталары, сондай-ақ NFC және Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы төлем жасау мүмкіндіктері кіреді.

Жүргізілген талдауларға сәйкес, автобустарда төлемдердің 97 пайызы электронды жүйелер арқылы жасалып келген, тек 3 пайызы ғана қолма-қол ақшамен төленген. Бұл көрсеткіш жолаушылардың электронды жүйелердің тиімділігі мен ыңғайлылығын мойындағанын көрсетеді.

Аталған өзгерістер көлеңкелі ақша айналымын жоюға, қоғамдық көліктердің бекітілген уақытынан кешікпеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік берді.

Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.