jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте үш "жайлы мектеп" қаңтар айынан бастап оқушы қабылдайды

Шымкенттегі "жайлы мектеп"
Шымкенттегі "жайлы мектеп". Видеодан кадр: ontustiktv.kz

Шымкентте тағы үш "жайлы мектептің" құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайын. Білім ордалары қаңтардан бастап оқушыларға есігін айқара ашады, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Телеарна мәліметінше, аталған ғимараттарды қала әкімі аралап шығып, өз бағасын берген. Ол аталған жоба білім сапасын арттыру және оқушыларға қолайлы орта құру бағытындағы маңызды қадам екенін айтты.

"Құрылысы аяқталып бітті. 3-тоқсанның ішінде қаңтар айынан бастап оқушы қабылдау жоспарлануда. СЭС-тің рұқсатын алған күннен бастап оқушы қабылдаймыз. Жалпы мектепте 59 оқу кабинеті бар, 85 жаңа заманауи технологиямен жабдықталған кабинетоқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетеді. Акт зал, 2 спорт залы бар", - дейді №143 жалпы білім беру мектебінің директоры Мира Сүлейменова.

Жаңа мектептер қаладағы білім ошағының тапшылығын азайтуға бағытталған. Әр мектепте бір ауысымда 1200, 2000-ға дейін оқушы білім алады. Бұл жаңа нысандардың ашылуы оқушыларды үш ауысымдық кестеден толық арылтуға көмектеседі. Жаңа жыл қарсаңында ашылған №143, 145-мектептер Достық, Тұран-2 және Нұртас шағын аудандарында орналасқан.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл мектептер тек білім беру ордасы емес, оқушылардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін орын екенін айтты. Сондай-ақ бұл бастама жас ұрпақтың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан қолдаудың мол екенін білдіреді.

Шымкентте үш "жайлы мектеп" қаңтар айынан бастап оқушы қабылдайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.