jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

2024 жылдың соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жаңа жылда ауа райы қандай болады: Алдағы екі күнге арналған синоптиктер болжамы
Шырша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 28-30 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер болжамынша, алдағы екі күнде солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де солтүстік-батыс циклоны жырасы әсер етеді, сондықтан қар, жаяу бұрқасын болады. Тек 28 желтоқсанда, кезекті антициклон сілемімен, елдің солтүстігінде күн ашылады.

Жерорта теңізі аймағынан келетін циклонның әсерінен елдің батысында, 27 желтоқсаннан бастап оңтүстігінде, содан кейін оңтүстік-шығыс аймақтарда да тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Республика бойынша тұман күтіледі, елдің солтүстігінде жел күшейеді.

Республиканың көп бөлігінде температура өзінің Климаттық көрсеткіштерінен жоғары болып тұрғанмен солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде -7...-15 градусқа дейін, күндіз -5...-10 градус аязға дейін аздап төмендеуі күтіледі. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

2024 жылдың соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.