jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Биыл Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайызға жетті

Жол
Жол. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайызға жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл жолдарды жақсарту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілген.

2023 жылы 254 нысан немесе 232,7 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл жалпы қала аумағындағы көшелер желісінде құрылыс-жөндеу жұмыстары 501 көшеде атқарылды.

Жыл қорытындысы бойынша 424 көше, 1 көпір немесе 269,5 шақырым пайдалануға берілді. Биыл 20 нысанда немесе 59, 5 шақырым құрылыс-қайта құру жұмыстарына қаржы қаралып, 6 нысан 23,1 шақырым жол пайдалануға берілген.

Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 310 көше немесе 227 шақырым қамтылып, 247 көше, 1 көпір немесе 167,1 шақырым пайдалануға берілді.

Жөндеу жұмыстары 181 көше немесе 79,3 шақырымға жүргізілді.

Биыл Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайызға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.