jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың 20 жастағы жолаушысы есін жиды

Ринат Асадов
Ринат Асадов. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Ақтау маңында ұшақ аптынан зардап шеккен 20 жастағы Қырғызстан азаматы Ринат Асанов есін жиды. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, 28 желтоқсанда ұшақта зардап шеккен Қырғызстан азаматтарына көмек көрсету үшін Ринат Асановтың туыстары, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен медицина қызметкерлері Ақтауға келді.

Жұмыстар Қазақстан мен Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз байланыста жүргізілуде.

Дәрігерлер зардап шеккендерді эвакуациялау мәселесі бойынша кеңес өткізді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір екі науқастың жағдайы тұрақты, бірақ олар әлі де медициналық бақылауды қажет етеді.

"Іс-шаралар Президент Садыр Жапаровтың жеке бақылауымен өткізіледі. Жаңа жылға дейін ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарды Отанына шығарып, оларға қажетті көмек көрсету үшін барлық күш - жігер жұмсалатын болады", - деді ТЖМ.

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың 20 жастағы жолаушысы есін жиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.