jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бакуден Ақтауға ұшып келген ұшақтан ақау шықты

Әуежайға қонған ұшақ
Ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтау әуежайында Әзербайжан астанасынан келген ұшақтың шассиінде ақау шықты. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, ұшақ қону жолағына сәтті қонғанымен, қону шассиінде ақау анықталған. Осыған байланысты әуежай мен жерүсті қызметтері ұшақты қону жолағынан сүйреп шығару жұмыстарын ұйымдастырды.

"Ұшақтың қонуы қалыпты жағдайда өтті. Оның бортында жолаушылар болған жоқ", - деп хабарлады министрлік.

Қазір Ақтау әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл жайт рейстер кестесіне әсер етпеген.

Бакуден ұшқан тағы бір әзербайжандық ұшақ 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшырағанын еске саламыз.

Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

26 желтоқсанда Euronews генттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.

Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

Бакуден Ақтауға ұшып келген ұшақтан ақау шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.