Яндекс Іздеудің қазақстандық пайдаланушылары келе жатқан Жаңа жыл туралы не білгісі келеді
Жарияланған күні:
Жаңа жыл қарсаңында Yandex Qazaqstan қазақстандық пайдаланушылардың іздеуге жүктеген сұрақтарын зерделеп, олардың келе жатқан Жаңа жыл мен Аяз ата туралы жиі сұрайтынын, жаңа жылдық қандай салаттардың рецептісін іздейтінін және кімге мерекелік сыйлық дайындап жатқанын анықтады. Компания аналитиктері Яндекс Іздеудегі танымал сұрауларды жүз балдық шкала бойынша бағалады: сұрау жиі қойылған сайын оның балы соғұрлым жоғары болады.
Пайдаланушылар Жылан жылы туралы не білгісі келеді
Қазақстандық пайдаланушылардың Яндекс Іздеуге жүктеген кең тараған сұрақтары – келер жылдың нышаны қандай жылан және қандай жылдар Жылан жылы деп аталады. Сонымен қатар қазақстандықтар келе жатқан Жылан жылын мерекелеуге дайындықты да ойлап жүр. Мысалы, жаңа жылға не киюге болады, мерекеге қандай тамақтар дайындау керек деген сұрақтар тіркелген. Кең тараған топ-5 сұрақ ішінде – Жылан жылы қандай түстер сәнде деген киімге қатысты сұрау бар.
Жаңа жыл туралы қандай ақпарат сұралды
Жалпы Жаңа жыл туралы жиі қойылған сұрақтар мынадай болды: мерекеге дейін неше күн қалды, мерекеге не сыйлауға болады, Қытай Жаңа жылы қашан өтеді, Жаңа жылда қай күндері демаламыз, Ескі Жаңа жыл қашан.
Жаңа жыл қандай "неге" сұрақтарын тудырады
Пайдаланушылар Жаңа жылға қатысты "неге" сөзін жиі қояды екен. Сұрақтардың үздік үштігіне мынадай сұрақтар енді: Ескі Жаңа жыл неге солай аталады, неге Жаңа жылдың символы шырша болды, неге жаңа жыл 1 қаңтардан басталады.
Адамдар шырша туралы не білгісі келеді
Қазақстандық пайдаланушылар Жаңа жылдың басты нышаны – шырша туралы ақпаратқа қызығушылық танытқан. Шырша туралы кең тараған үш сұрақ қатарында шыршаны қашан қою керек, шырша суретін қалай салу керек, елімізде алғашқы президенттік шырша қай жылы өтті деген сауалдар бар.
Аяз ата туралы не сұрайды
Пайдаланушылар Жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз ата туралы да мәлімет іздеген. Топ-5 сұрақ қатарына мынадай нұсқалар енді: Аяз ата қайда тұрады, Аяз атадан қандай сыйлық сұраса болады, оның суретін қалай салу керек, Аяз атаның түрі қандай. Сонымен қатар адамдарға Аяз атаның жасы, оған қалай хат жазатыны, басқа елдерде оны қалай атайтыны қызықты екен.
Қандай салаттардың рецептілерін жиі іздейді
Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық пайдаланушылар қандай да бір салатты қалай дайындау керегін сұраған. Көш бастап тұрған үш нұсқада – крабовый, цезарь және грек салаты бар. Төртінші орында оливье, бестікті мимоза салаты аяқтап тұр.
Кімге сыйлық іздейді...
Қазақстандық пайдаланушылар Яндекс Іздеуде Жаңа жылда кімге қандай сыйлық сыйлау керегін жиі сұрайды екен. Ең танымал нұсқалар – күйеуге, анаға, қызға, жігітке, әкеге не сыйлауға болады. Сонымен қатар үздік ондыққа әйеліме, құрбыма, ата-анама, әжеге, әріптестерге не сыйлауға болады деген сауалдар да енді.
О Yandex Qazaqstan
Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейро желі негізінде өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Ұйым мамандары пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазіргі кезде Қазақстанда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық бағытында сервистер жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды жетілдіруге атсалысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206763-iandeks-izdeuding-qazaqstandyq-paidalanushylary-kele-zhatqan-zhanga-zhyl-turaly-ne-bilgisi-keledi/