jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қаңтарда халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

ХҚКО қызметкерлері
ХҚКО қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 1-3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ мәліметінше, 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс істейді.

"Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін іске асырылады.

5-6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтарда православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн ХҚКО мен МХҚКО үшін демалыс болады", - делінген хабарда.

Мемлекеттік орган өкілдерінің хабарлауынша, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болатыны хабарланды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.