jitsu gif branding logo appbranding logo app

Үстірт қорығында Қазақстанның кей аумағында ғана кездесетін жыртқыш фотоға түсіп қалды

Үстірт қорығындағы итаю
Үстірт қорығындағы итаю. Фото: "Қазақ ормандары" кәсіпорыны

"Қазақ орманы" серіктестігінің мәліметінше, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А. Пулатов Қазақстанда өте сирек кездесетін жыртқыш — итаюды (Mellivora capensis) суретке түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кәсіпорын мәліметінше, қорық қызметкерлерінің жұмысы арқасында итаю сияқты сирек кездесетін жануарлар туралы жаңа деректер анықталып жатыр. Құнды сурет Үстірт қорығының алуан түрлі тіршілік иесін сақтау ісінде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Итаю Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте терең шатқалдарды, карстық қуыстарды, сайлар мен өсімдіктері әртүрлі учаскелерді, соның ішінде сексеуіл, баялыш және қараған өскен жерлерді мекендейді. Жыртқыш жануар негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ қыста күндіз де жұрт көзіне түсуі мүмкін.

Итаю жылына бір рет көбейеді, ал суық күндерде қысқа мерзімді ұйқыға кетеді.

Үстірт қорығында Қазақстанның кей аумағында ғана кездесетін жыртқыш фотоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.