jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Хейтерлерге қарсы иммунитет": Павлодар облысының әкімі әлеуметтік желідегі белсенділігін түсіндірді

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі барлық шенеуніктердің әлеуметтік желіде жеткілікті белсенділік таныта бермейтінін айтып, мұның ықтимал себептерін атады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Отбасы және балалар" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Құрманғалиева облыс әкімі Асайын Байхановтың Павлодар тұрғындарымен кездесуінде сауал қойды.

Ол аймақ басшысының әлеуметтік желідегі белсенділігіне тоқталды. Оның айтуынша, тұрғындар кез келген жобалар туралы көбіне облыс әкімінен біліп отырады, бірақ жергілікті билік те мұны істей алар еді.

"Қазақтарда "Бес саусақ бірдей емес" деген ұғым бар, яғни бір отбасының балалары да әртүрлі: бірі белсенді, екіншісі ұялшақ. Бірақ сіз дұрыс байқадыңыз, бәрі ашық бола бермейді. Әлеуметтік желілерде ашық болу оңай емес. Бұл оңай шаруа емес, өйткені хейтерлерге қарсы иммунитет болу керек, олардың саны да аз емес. Дөрекі сын, кейде түсінбеушілік болады. Бұл кейбіреулерде қорқыныш, қиындықтар тудыруы мүмкін. Бірақ біз онымен жұмыс істейміз", - деп түсіндірді аймақ басшысы.

Асайын Байхановтың айтуынша, жыл басынан бері павлодарлықтардан 15 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 72 пайызы оң шешімін тапса, қалғандарымен жұмыс жасалып жатыр.

"Хейтерлерге қарсы иммунитет": Павлодар облысының әкімі әлеуметтік желідегі белсенділігін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.