Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте биыл 159 отбасы өзге өңірлерге қоныс аударған

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл Шымкент қаласынан басқа өңірлерге 159 отбасы қоныс аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қоныс аударғандардың арасында ең көп адам Павлодар облысына көшкен. Олардың саны 49 отбасы, 184 адамды құраған.

Ал Солтүстік Қазақстан облысына 77 отбасы, 289 адам қоныс аударған. Қостанай облысына 15 отбасы, 65 адам, Қарағанды облысына 3 отбасы, 10 адам, Абай облысына 3 отбасы, 7 адам, Шығыс Қазақстан облысына 10 отбасы, 33 адам, Ұлытау облысына 2 отбасы, 4 адам көшті.

Сонымен қатар FSM Social мобильдік қосымшасы арқылы 313 қандастың тізімі түскен. Оның ішінде нақты 139 адамға түрлі қызметтер көрсетілген.

Бұл шаралар – ішкі көші-қонды реттеу мен жұмыс күшін елдің түрлі өңірлерінде теңдестіру жолында маңызды қадам. Алдағы уақытта бұл бағдарлама бойынша қоныс аударушылар саны одан әрі артуы ықтимал, бұл өз кезегінде Қазақстанның еңбек нарығын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206949-shymkentte-biyl-159-otbasy-ozge-ongirlerge-qonys-audargan/