Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада Тұңғыш Президент саябағы жаңартылады (фото)

Жарияланған күні:

Тұңғыш Президент саябағы
Тұңғыш Президент саябағы. Көрнекі сурет: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда қаласында Тұңғыш Президент паркі мен Денсаулық саябағы арасын заманауи орынға айналдыру мақсатында саябақты демеушілер есебінен жаңғырту жобасы әзірленді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігі хабарлайды.

Тұңғыш Президент - саябағы халықтың қарасы үзілмейтін, таптырмас отбасылық демалыс орны. Жайлы аумақта шағын мерейтойларды атап өту үрдіске айналған. Сондықтан болар жасыл желекке оранған жерде тынығушылар саны жыл сайын артып жатыр. Қазір сол саябақтың көлемін кеңейту, демалыс аймағын жаңартуды жолға қою мақсат етілді. Демеушілер есебінен жаңғырту жобасы әзірленді.

Аумағы 64,5 гектарды құрайтын Тұңғыш Президент паркі 2007 жылы ашылып, бүгінгі күнге дейін жаңғырту жүргізілмеген. Балалар ойын алаңы, орындықтар, жарықтандыру және т.б. қажетті құрылымдар жетіспейді. Ал жаңа жобада жетіспеушіліктер толық қамтылып, Тұңғыш Президент паркі мен Денсаулық саябағы арасын заманауи орынға айналдыру көзделген.

Тұңғыш Президент саябағы
Тұңғыш Президент саябағы. Көрнекі сурет: Қызылорда облысы әкімдігі

Мұнда халықтың сұранасына сай автокөліктер тұрағы бар, гүлзарлармен көмкерілген көркем келбет қалыптасады. Парк ішінде 3 аллея, 3 бөліктен тұратын су бұрқақ, 1 амфитеатр, 1 бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 4 фудкорт, сондай-ақ көптеген шағын сәулеттік пішімдер және аттракциондар болады.

Сонымен қатар саябақ арқылы өтетін барлық аллеялар мен тротуарлар бір-бірімен байланыстырылды, бұл маршрутты оңай және жылдам салуға, саябақтың дұрыс нүктесіне жетуге мүмкіндік береді. Вело-жүгіру жолы бүкіл саябақ арқылы шағын және үлкен шеңбер бойымен өтеді, жобада модульдік-санитарлық ғимаратын орналастыруға арналған алаңдар қарастырылған.

Тұңғыш Президент саябағы
Тұңғыш Президент саябағы. Көрнекі сурет: Қызылорда облысы әкімдігі

Бақшада жасанды тоған, тоған үстіндегі көпір, стилистикалық ағаш беседка және демалуға арналған орындықтар бар. Мұнан өзге биіктікке өрмелеу нысаны, ойын құрылғылары, фитнеске арналған спорт қондырғылары, теннис корты, биіктігі 50 метрлік айналмалы дөңгелек аттракционы, балаларға арналған түрлі әткеншектер, тамақтану орындары, би алаңы, паркур, стритбол, сахна, сарқырама каналдары, канал үстінен көпірлер, бадминтон, шахмат, волейбол, баскетбол, футбол алаңдары, арқан саябағы, дария жағалауындағы жүргіншілер жолы, модульдік санитарлық ғимарат қарастырылған. Паркке ауыз су, кәріз су желілері тартылып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қоса жүргізіледі.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін қоғамдық орындарды жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады. Қазір қалалық мәдениет және демалыс паркінде қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұдан бөлек, Қорқыт Ата ескерткішінің маңындағы аллея, Батырхан Шөкенов атындағы саябақ қайта жаңғыртудан өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206994-qyzylordada-tunggysh-prezident-saiabagy-zhangartylady-foto/