jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның тағы бір елдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

Қазақстан туы
Қазақстан туы. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстан Республикасының Беларусьтегі елшілігі шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ дипмиссияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы елшілігі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына "Жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызметінің пилоттық жобасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылатынын хабарлайды", – делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл қызмет көрсетілмейді.

"Электрондық үкімет" сайтының мәліметінше, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – 12 цифрдан тұратын бірегей комбинация, ол қайталанбас және өзгермейтін қағидаттарды ескере отырып автоматты түрде қалыптастырылады.

ЖСН Қазақстандағы кез келген цифрлық мемлекеттік қызметті алу үшін, соның ішінде банк шотын ашу үшін қажет.

Бұған дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі де шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.

Шетелдік азаматтарға ЖСН беру 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.

Қазақстанның тағы бір елдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.