jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астанада мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Елордадағы №18 автобус
Елордадағы №18 автобус. Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

"Қалалық көлік жүйелері" компаниясы алдағы демалыс күндері елордада автобустардың қалай жүретінін айтты. Бұл туралы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның Instagram-дағы парақшасында алдағы мереке күндері елордалық қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі жарияланды:

  • 31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
  • Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді;
  • 1 қаңтар Сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді;
  • экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.
  • 2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз;
  • 5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
  • 7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.

"Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!", - делінген хабарламада.

Астанада мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.