jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райына байланысты жол жабылды

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: flickr.com

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің үш облысындағы бірнеше тасжолда көлік қозғалысына толығымен шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 1 қантар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

  • Солтүстік Қазақстан облысында "Екатеринбург-Алматы" автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін);

Қостанай облысында:

  • республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының - 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін);
  • 729-768 шақырым аралығында (Қостанай обл.шекарасы-Тоқсан би) учаскелерінде;
  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 108-232 шақырымы аралығында ( Әулиекөл-Ақмола обл.шекарасы).

Ақмола облысында:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 232-260 шақырымы аралығында ( Қостанай обл.шекарасы-Сұрған)
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық);
  • "Жезқазған-Петропавл" автожолынығ 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған).

Аталған жолдарды ашу 2 қантар сағат 09:00-де жоспарланған.

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райына байланысты жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.