Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман және көктайғақ: еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: 24.kz

"Қазгидромет" РМК 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысында Семей қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

2 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

2 қаңтарда Астанада қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

2 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында бұрқасын күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

2 қаңтарда Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. 3 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 2-3 қаңтарда күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207480-tuman-zhane-koktaigaq-elimizding-birqatar-ongirinde-eskertu-zhariialandy/