Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметіне сүйенсек, 2 қаңтар сағат 22:45-те келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылған.

Ақтөбе облысы:

  • Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы, 14-337 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласы - Атырау облысы шекарасы)

Атырау облысы:

  • Ақтөбе-Атырау РФ шекарасы, 337-346 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы- шекарасы - Сағыз ауылы).

3 қаңтар сағат 00:00-те Абай облысында келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылған:

  • Қарағанды-Аягөз-Боғаз 707-941 шақырым аралығындағы учаскесі (Аягөз қаласы - Боғаз ауылы).

Ал 3 қаңтар сағат 01:00-де келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

Қызылорда облысы:

  • "Самара-Шымкент" 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы - шекарасы - Арал қаласы)

Ақтөбе облысы:

  • "Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207640-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-zhabylgan-zholdar-qaita-ashyldy/