jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Қыс мезгілі, көлік
Көлік. Көрнекі фото: MarianVejcik / Getty Images

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев қазақстандықтарға видеоүндеу жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Сұлтанбаевтың айтуынша, ауа райы нашарлаған сайын жолдағы әрбір қадам қауіпті.

"Көктайғақ, боран, қар немесе тұман кезінде жолға шықсаңыз, сапарыңыз сынаққа айналуы мүмкін. Сондықтан ондай  жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Өзіңіздің және өзгелердің өмірін қатерге тікпес бұрын күн райының қалыпқа келгенін күтіңіз", - деді ол.

ІІМ өкілі сондай жағдайда жолда қалып қойған жандарға кеңес берді:

  • жылдамдықты азайтыңыз;
  • қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз;
  • жылдам жүріс пен басып озудан аулақ болыңыз;
  • мүмкіндігінше жақын елдімекенге немесе қауіпсіз жерге тоқтаңыз.

"Жол қызметтері, сондай-ақ полиция және құтқару бөлімшелері жолда тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың міндеті – сізге көмектесу. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу көмекке жүгініңіз. Біз ауа райы жағдайына байланысты шектеулер мен қағидаларды бұзғандарға ерекше назар аударамыз.

Мұндай әрекеттер тәртіп бұзушылардың өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Сіздің жолдағы қырағылығыңыз бен жауапкершілігіңіз – үйіңізге аман-есен оралуыңыздың кепілі. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.