jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бір отар қойы болған: Жетісу облысында Жаңа жыл күні жоғалып кеткен қойшы аман-есен табылды (видео)

Қой
Қой. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жетісу облысында 31 желтоқсанда жоғалып кеткен шопан мен отар қойы табылды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Полиция ақпаратынша, биыл 3 қаңтарда Аксу ауданында 31 желтоқсан күні жоғалып кеткен 59 жастағы шопан мен 150-ден астам қойы табылған. Ер адам Матай ауылдық округінен қой жаюға шыққан, алайда Жаңа жыл қарсаңында онымен байланыс үзілген.

"Полицейлер, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар күштерін біріктіріп, үйлесімді әрекеттерінің арқасында шопан мен оның қойлары аман-есен табылды.

Ер адам оның іздестіруіне қатысып, үйіне оралуына көмектескен барша адамдарға шын жүректен алғысын білдірді", - делінген хабарда.

Бір отар қойы болған: Жетісу облысында Жаңа жыл күні жоғалып кеткен қойшы аман-есен табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.