jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысында полицейлер 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды

Әкесі мен қызы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының полициясы 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңір полициясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қостанай облысы полициясының мәліметінше, былтыр құзырлы органға туыстарымен, ата-анасымен, бауырларымен байланысын жоғалтқандар туралы 110 өтініш түскен. Полиция департаменті қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде олардың 85-і табылып, жақындарымен қайта қауышты.

"Мәселен, 1995 жылы 58 жастағы Александр Хан белгісіз себептермен хабарсыз кеткен. Оның қызы Юлия Хан Қостанай қаласының полиция басқармасына жүгініп, жоғалған әкесін табуға көмек сұрады. Әкесін іздеу оның өмір бойғы арманына айналған.

Александр Ханның 1995 жылы алыс шетелге көшіп, отбасымен байланысын үзгеніне қарамастан, полиция қызметкерлері Юлияның үмітін үзбей, іздеу жұмыстарын бастады. Көші-қон қызметі мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында Александр Ханның Францияда ұзақ жылдар бойы тұрғаны анықталды", - деп хабарлайды Қостанай полициясы.

Әке мен қыз жиырма жылдан кейін қайта қауышты.

"Бұл оқиға – үміттің қаншалықты маңызды екенін және жақсылыққа сенудің әрдайым өз жемісін беретініне жарқын мысал бола алады. Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысы мен адамгершілікке толы еңбегі нәтижесінде ажыраған туыстық байланыс қайта орнап, отбасы өз жарасымын тапты", - деп хабарлайды облыстық полиция.

Қостанай облысында полицейлер 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.