Астанада бірнеше автобус бағыты өзгерді
Жарияланған күні:
Астана қаласында төрт бірдей жолаушылар автобусы бағытын уақытша өзгертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ City Transportation Systems мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Кәсіпорынның Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтындағы мәліметінше, қалада жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты осындай шешім қабылданған.
"Жөндеу жұмыстары аяқталғанша №1, 6, 11, 85" автобус бағыттары өзгереді", - деп хабарлады кәсіпорын.
Айта кетейік, Астанада қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында таяуда төрт бағыт бойынша жаңа автобустар іске қосылды. Жеке автобус паркі 30 жаңа көлік сатып алып, оларды жолаушылар тасымалына пайдалануға берді.
Сондай-ақ жақында елордада тұрғындардың өтініші бойынша 63-автобустың бағыты өзгерді, бұл бағыт бойынша 10-20 минуттық аралықпен 12 автобус жүреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208413-astanada-birneshe-avtobus-bagyty-ozgerdi/