jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖМ елдің кей өңірінде қар көшкіні қаупі барын ескертті

Қар көшкіні
Қар көшкінінің алдын алу шаралары. Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі елдің кей өңірлерінде, атап айтқанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар көшкіні қаупі барын ескертеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың көпшілігінде қардың биіктігі орташа көпжылдық мәндерге жуық және шамалы жоғары.

"Қар көшкіні жағдайы тұрақты, Қазселденқорғау мамандарының бақылауында. ШҚО күрделі қар көшкіні жағдайы қалыптасуда", - делінген хабарламада.

ШҚО-да бүгінгі таңда қардың биіктігі нормадан 25 пайызға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі 120 см. Сонымен қатар қар көшкіні жағдайына ауа температурасының жоғарылауы және қар бұрқасыны әсер ететіні мәлім етілді.

2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі шамамен 6665 м3 болатын 15 профилактикалық қар көшкіні түсірілді.

Ведомство өкілдері тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті екенін ескертті.

ТЖМ елдің кей өңірінде қар көшкіні қаупі барын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.