Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, көктайғақ, бұрқасын: еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

7 қаңтарда түнде Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 18 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

7 қаңтарда Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

7 қаңтарда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 25 м/с болады.

8 қаңтарда Түркістан облысында түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, таулы аудандарда қатты қар жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23 м/с. 8 қаңтарда ауа температурасының түнде 3-8, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 12 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, орталығында қатты қар. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ, күндіз бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда күндіз Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, орталығында қатты қар күтіледі. Түнде және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Жамбыл облысынның таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208917-qar-koktaigaq-burqasyn-elimizding-basym-boliginde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/