jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің төрт облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қар басқан тасжол
Қар басқан тасжол. Көрнекі фото: instagram.com/qaj_sko

Ұлытау мен Қостанай облыстарында "Жезқазған-Петропавлск", ал Жамбыл мен Түркістан облыстарында "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап хабарлайды.

"2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00-дан бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Жезқазған – Петропавлск" автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Дәл осындай шектеу автожолдың келесі бөлігі өтетін Қостанай облысына да қатысты болып отыр.

"2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00-дан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Жезқазған – Петропавлск" автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Екі облыста да жолды 2025 жылғы 8 қантар сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, соңғы ақпаратқа сүйенсек, Жамбыл обысы мен Түркістан облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы ертеңге дейін жабылды.

"2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша-бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда", - делінген "ҚазАвтоЖол" мәлімдемесінде.

"2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысы шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - деп хабарлайды ұлттық компания баспасөз қызметі.

Екі облыста да жолды ертең, 8 қантарда сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін, 4 қаңтар күні төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана-Петропавл тасжолының бір бөлігі жабылғанын мәлімдеген болатын..

Еліміздің төрт облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.