jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Баласын вокзалға тастап кеткен: Астанада әйел адам іздестіріліп жатыр

Қол ұстасқан бала мен әке
Қол ұстасқан бала мен әке. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Баласын вокзалға тастап кеткен әйелге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Instagram-дағы _astana_volontery_lider.kz парақшасында жарияланды.

"5 қаңтарда сағат 18:00 шамасында ескі вокзал ғимаратында 3-4 жасар баланы тастап кеткен әйелді іздейміз", - делінген жазбада.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі NUR.KZ тілшісіне сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

"Бала медициналық мекемеге орналастырылды. Полицейлер оның анасын әлі іздеп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салайық, Алматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы ана сәбиімен ата-анасының үйінен шығып кетіп, оралмаған. Ол келесі күні Ақтау әуежайынан табылған болатын.

Екібастұзда түнде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім сағат 13:00 шамасында дрон көмегімен саяжай қоғамдастығы ауданынын табылған еді.

Баласын вокзалға тастап кеткен: Астанада әйел адам іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.