jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Бірде-бір қылмыс тіркелмеген": Қазақстанда ерекше ауыл туралы не білеміз (видео)

Жетіжал ауылы
Жетіжал ауылы. Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Көксу ауданы Жетіжал ауылында мыңнан астам адам тұрады. Елдімекенде осы уақытқа дейін бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғындар өмір салтымен мақтанады. Ауылда жайлы өмір сүру үшін қажеттінің бәрі бар: мектеп, мәдениет үйі, мешіттер және төрт дүкен.

Алайда Жетіжалды басқа елдімекендерден ерекшелендіретін бір қасиет бар: бұл ауылдағы дүкендерде алкогольді ішімдіктер мүлдем сатылмайды. Сонымен қатар ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Жетіжал ауылын денсаулық, қауіпсіздік және рухани дамуды бірінші орынға қоятын басқа елдімекендерге үлгі ретінде қарастыруға болады.

"Бірде-бір қылмыс тіркелмеген": Қазақстанда ерекше ауыл туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.