Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ертең көптеген аймақта боран, тұман және көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласында 9 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с болады.
9 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Ертең Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
2025 жылдың 8-9 қаңтар аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.
9 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
9-10 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Ертең түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.
9 қаңтарда Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 қаңтарда түнде Абай облысының оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
9 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
Ертең түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
9 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.
9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.
Ертең Алматы облысының облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209611-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/