Қазақстандықтар енді аттестаты мен колледж дипломын цифрландыра алады
Жарияланған күні:
Қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын цифрландыра алады. Бұл жөнінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді екенін мәлімдеді.
"Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.
"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілді. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылды", - делінген хабарламада.
Қызметті пайдалану үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" – "Білім" бөлімін таңдау керек;
- "Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" қызметін таңдап, "Онлайн сұрау" батырмасын басу қажет;
- "Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру" қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;
- қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.
Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландыруға жатады. Қызметті көрсету уақыты – 5 жұмыс күні.
Құжаттар немесе деректер қате болған жағдайда қызмет көрсетілмеуі мүмкін", - деп мәлімдеді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209760-qazaqstandyqtar-endi-attestaty-men-kolledzh-diplomyn-tsifrlandyra-alady/