jitsu gif

Бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған: Шымкентте ең үздік көлік жүргізушілері анықталды

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

Шымкент көшелерінде ерекше рейд өтті. Патрульдік полицейлер толығымен заңға бағынған автокөлік тізгіндеушілерді анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол жүру қағидаларын ешқашан бұзбаған жүргізушілерді тәртіп сақшылары қалалық полиция департаменті бастығының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Олардың арасында 57 жастағы Шахадат Саитова бар. Қала тұрғыны 20 жылдан астам көлік жүргізіп келеді және осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзған емес.

"Көлік жүргізе бастағанымда ұлым балабақшаға баратын. Қазір ол 23 жаста. Жолдағы қауіпсіздікті сақтаңыздар. Мұндай акция үшін полицейлерге рақмет", - деді келіншек.

Шымкенттік полицейлер аталған іс-шараны қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған: Шымкентте ең үздік көлік жүргізушілері анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.