jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматы хайуанаттар бағында 25 жастағы жираф өлді

Жираф Хан
Жираф Хан. Фото: www.facebook.com/ZOOAlmaty

Алматы хайуанаттар бағында 25 жастағы жираф өлді. Жануар ұзақ өмір сүрген, ал өлімнің себебі жасына байланысты болғандығы атап өтілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, кәріліктің емі жоқ. Өлім себебі – жасына байланысты қайтымсыз өзгерістер. Хан өзінің мейірімді мінезімен танымал болған, оны хайуанаттар бағының қызметкерлері мен келушілер жақсы көретін", - делінген хайуанаттар бағы таратқан Facebook-тегі ресми хабарламада.

Табиғатта өмір сүретін жирафтар үшін өмір сүру ұзақтығы 25 жылдан аспайтыны атап өтілді.

"Хан кешке белсенді болды, ұсынылған барлық жемді толығымен жеді. Аздап ақсап жүрді. Таңертең Хан жатып қалды. Бұл жирафтарға тән емес, олар әдетте толық денесімен жерге жатпайды. Десе де 25 жас – 95 жастағы адаммен тең", - деді "тұяқты жануарлар" секциясының меңгерушісі Балабек Махатов.

Хайуанаттар бағы да Ханның Алматыға Оңтүстік Африкадан келгенін және жаңа климат пен жағдайға тез бейімделгенін айтты. Оның ұзақ өмір сүруі мен әл-ауқаты хайуанаттар бағы қызметкерлерінің қамқорлығы мен ықыласы, сондай-ақ денсаулығының мықтылығы арқасында мүмкін болды, бұл оған көптеген ұрпақ әкелуге мүмкіндік берді, делінген хабарламада.

Хан Алматы хайуанаттар бағында 12 рет төлдеген, олардың көпшілігі басқа хайуанаттар баққа ауыстырылды, ал үшеуі Алматы хайуанаттар бағында қалды.

Айта кетсек, жирафтың биіктігі шамамен 5 метрге жетті.

"Жылдар бойы Ханға қамқорлық көрсеткендердің барлығына алғыс айтамыз. Хан біздің жүрегімізде өмір сүреді", - деп қосты хайуанаттар бағы.

Алматы хайуанаттар бағында 25 жастағы жираф өлді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.