Top.Mail.Ru

Зектілері

"Бар болғаны 1150 теңге": "Қазпошта " жоғалған сәлемдемелерді сату туралы қауесетті жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Сәлемдеме
Сәлемдеме: pixabay.com

Желіде жарияланған "Қазпошта" АҚ жоғалған сәлемдемелерді сатады деген ақпаратты компания жоққа шығарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазпочта" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде компания "жоғалған сәлемдемелерді" арзан бағаға сатып жатыр деген жалған ақпарат таралуда. Сонымен қатар желідегі ұқсас хабарламалардың скриншоттары қоса беріледі.

Желіде тараған жарнама
Желіде тараған жарнама: facebook/Kazpost

"Әлеуметтік желілерде Қазпошта жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға сатады деген жалған хабарламалар тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіз және жеке деректеріңізді ешкімге хабарламаңыз.

Айта кету керек, Қазпошта мекенжайы дұрыс көрсетілмеген сәлемдемені жіберушіге кері қайтарады. Егер осындай хабарламаларды көрсеңіз немесе күмәнді сілтемелермен бетпе-бет келсеңіз, дереу біздің ресми байланыс орталығымызға хабарласыңыз: 1499", - делінген компанияның Facebook-тегі ресми парақшасындағы хабарламасында.

Айта кетейік, "Қазпошта" АҚ – Қазақстанның Ұлттық пошта операторы, жалпымемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі. Оператордың қарамағында Қазақстанның барлық аумағын, әсіресе аудандық және ауылдық жерлерде қамтитын елдегі ең ауқымды филиалдық желі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210028-bar-bolgany-1150-tengge-qazposhta-zhogalgan-salemdemelerdi-satu-turaly-qauesetti-zhoqqa-shygardy/