jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Калифорниядағы өрт: "Халықаралық бағдарламалар орталығы" өкілдері қазақстандық студенттердің жағдайы туралы айтты

Калифорниядағы өрт
Калифорниядағы өрт. Фото: David Crane/MediaNews Group/Los Angeles Daily News via Getty Images

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдай мұқият бақылауда екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ орталыққа сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" мәліметінше, қазіргі таңда Калифорния штатында 73 стипендиат білім алуда, оның ішінде 56-сы "Болашақ" бағдарламасының, ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.

"Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз", – деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Орталық өкілдері барлық стипендиаты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Олар төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан Республикасының Консулдығына хабарласуларыңызды сұрады.

Калифорниядағы өрт: "Халықаралық бағдарламалар орталығы" өкілдері қазақстандық студенттердің жағдайы туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.