jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астана-Щучинск тасжолындағы жаппай көлік апаты: бұл жайттан Төтенше жағдайлар министрлігі қандай сабақ алды

Жаппай жол-көлік оқиғасы
Жаппай жол-көлік оқиғасы. Фото: instagram.com/aqmola_pd

Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомет Ахриев ведомство брифингінде қаңтар айының басында Астана-Щучинск тас жолында болған ірі апат туралы айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Магомет Ахриев бұл апаттан 95-ке жуық көлік зардап шеккенін еске салды.

"Хабарлама келіп түскен соң біз дереу Көкшетаудан, Макинск қаласынан күштер мен құралдарды жібердік. Сонымен қатар Астанадан көмекке бес шақты көлік шықты. Ескерту жүргізілді: SMS-хабарламалар, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламалар болды. Мұның бәрі орындалды. Радио мен телеарналар қамтылды. Бірақ соған қарамастан, адамдар көп болды", - деді ол.

Сол кезде, оның айтуынша, автокөліктер легіне ілесіп жүру туралы шешім қабылданған.

"Қазір ішкі істер органдары оны тексеріп жатыр, онда жай ғана жылдамдық режимі бұзылған, бұл жағдай осыған байланысты болған. Кез келген жағдайды көліктерге ілесіп жүру іске асырылады (болашақта да осындай жағдай болса – ред. ескертпесі), көліктерге ілесіп жүру – қажеттілік және ол іске асырылады.

Әрине біз енді қауіпсіздік үшін қосымша шаралар қабылдаймыз. Қосымша полиция бригадалары, мысалы, автокөліктердің шектеулі саны, көліктер арасындағы қашықтық және т.б. Мұның бәрі алдағы уақытта (осындай жаппай апаттардың алдын алу үшін – ред. ескертпесі) пайдаланылады", - деп түсіндірді спикер.

Астана-Щучинск тасжолындағы жаппай көлік апаты: бұл жайттан Төтенше жағдайлар министрлігі қандай сабақ алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.