jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

ҚБТУ-дағы өрт: студенттер онлайн оқитын болды

Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдына қойылған шырша
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдына қойылған шырша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 11 қаңтарда ғимараты өртенген ҚБТУ студенттері онлайн оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін анықтау бойынша Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Олар ғимараттың өртке қарсы жүйелері дер кезінде әрекет еткенін, бұл өрттің таралуына жол бермегенін және шығынды барынша азайтатынын қосты.

"Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда, оқиғаға байланысты оқу процесі 20 қаңтарға дейін уақытша онлайн форматқа көшірілді", - деп хабарлады ҚБТУ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы ҚБТУ-да өрт шыққаны хабарланған болатын. Осылайша оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің күштерінің жалынды сөндіргені туралы алғашқы хабарлама сағат 22:10-да жарияланды. Оқиға орнында 59 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмыс істеді.

ҚБТУ-дағы өрт: студенттер онлайн оқитын болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.