Крещение мерекесі: Алматыда суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Жарияланған күні:

Православтардың Крещение мерекесіне орай Алматыда суға түсуге арналған 10 орын белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов хабарлады.
Суға түсуге рұқсат етілген орындар тізімі:
1. "Алматы қаласы Крестовоздвиженский ғибадатханасының шіркеуі" жергілікті діни бірлестігі (Высоковольтная көшесі, 37Б).
2. Астана және Алматы епархиясының Алматы қаласындағы "Құтқарушы Мәсіхтің ғибадатханасының шіркеуі" жергілікті діни бірлестігі ( Райымбек даңғылы, 493).
3. Қазақстанның Православие шіркеуінің Астана және Алматы Епархиясы өңірлік діни ұйымының филиалы "Әулие Николай соборы" (Байтұрсынов көшесі, 56/5).
4. Астана және Алматы Епархиясының Первомайский кентіндегі "Успен ғибадатханасының шіркеуі" (Құдабайұлы көшесі, 86).
5. Астана және Алматы Епархиясының "Ұлы шейіт Параскева ғибадатханасының шіркеуі" жергілікті православиелік діни бірлестігі (Жансүгірова, 500В).
6. Астана және Алматы Епархиясының "Иверск-Серафимов әйелдер монастыры" жергілікті діни бірлестігі (Хамиди көшесі, 30).
7. Астана және Алматы Епрахиясының "Алматы қаласы Благовещенский ғибадатханасының шіркеуі" жергілікті православиелік діни бірлестігі (Алатау шағын ауданы, Ибрагимов көшесі, 13).
8. Астана және Алматы Епрахиясының "Казанкая Құдай Анасы иконасының құрметіне арналған собор" жергілікті православиелік діни бірлестігі (Халиуллин көшесі, 45-А).
9. "Богородице рождество ғибадатханасы" жергілікті православиелік діни бірлестігі" (Егінсу көшесі, 1Б) Түрксіб ауданы.
10. "Покровско-Всехсвятский ғибадатханасы" жергілікті православиелік діни бірлестігі (Жас пионерлер көшесі, 85 үй).
Аталған учаскелерде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылардың, дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ғалым Мұхамеджан мәлімдеді.
"Суық суда ұзақ уақыт болған кезде сіңір тартылып, үсік шалуы мүмкін. Сондай-ақ суық суға кенеттен түскен кезде жүрек жеткіліксіздігі өршуі мүмкін", - деді ол.
ТЖД өкілі Алматы тұрғындарына рұқсат етілмеген жерлерде, соның ішінде мұз басқан таулы өзендер мен тоғандарда шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Ережені бұзушыларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, жауапқа тартылуы мүмкін.
"Сонымен қатар қалған су айдындарында, тоғандар мен таулы өзендерде (Үлкен және Кіші Алматы) шомылуға тыйым салынады. Қазіргі уақытта бұл су объектілерінде мұз қатқан. Таулы өзендер өте тайғақ, мұз үстінде жүргенде тайып кету және әртүрлі сынықтар мен жарақаттар алу қаупі бар. Мұз астындағы өзендердің ағысы өте күшті, тепе-теңдік пен есін жоғалтқан адамды ағызып әкетуі мүмкін", - деп еске алды ТЖД өкілі.
Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қала ТЖД мамандары мыналарды ұсынады:
- арнайы белгіленген жерлерде шомылу;
- ішімдік ішіп шомылуға болмайды;
- ашық жерде (мұзда) суға түсуге арналып жабдықталған орында үш адамнан артық болмауы керек;
- шомылудан бұрын денені қыздыру маңызды, жүгіру арқылы қыздыру керек;
- дәрігерлер мен құтқарушылар бар жерде суға түсу;
- суға түсіп болғаннан кейін құрғақ сүлгімен сүртініп, құрғақ киім киіп, жылы шай ішкен жөн.
Православтардың Крещение мерекесіне орай суға түсу рәсімі 19 қаңтарда атап өтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2211812-shoqynu-merekesi-almatyda-suga-tusuge-arnalgan-10-oryn-belgilendi/