jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат етіледі

қасқыр
Қасқыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат беріледі. Биологиялық негіздемеге сәйкес аталған рұқсат 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2025 жылға арналған Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеме әзірледі. Осыған орай 2025 жылдың 15 қаңтары сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген.

Алайда кейбір облыстарда қасқыр мен шибөріні жаппай аулауға рұқсат жоқ.

"Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі", - делінген комитет хабарламасында.

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

Бүгінгі таңда бұл қызмет толығымен автоматтандырылған, ол www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.

Қазақстанда қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат етіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.