"Тамаша көрініс": пәтерінің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген ақтаулық тұрғын желі қолданушыларын тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:

Ақтауда өзі тұратын көпқабатты үйдің кіреберісін ұлттық нақышта безендірген тұрғын өнерімен желі қолданушыларын тәнтіп етіп, ықыласына бөленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otpannews.kz ақпараттық порталының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпараттық порталдың жазуынша, Сейітжан Ерсайын 35 жылдан бері Ақтаудағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде тұрады. Сурет салуды сүйікті ісіне айналдырған тұрғын өз пәтерінің кіреберісін ою-өрнекпен безендіріп қойған.
Кіреберістің мұндай ерекше дизайны көптің көңілінен шыққан. Бұдан кейін көршілері де қызығушылық танытып, үйдің кіреберісін түгел осылай әсемдеп шығуды өтінген.
Автор бұл сурет арқылы қазақылықты көрсетіп, оны жастарға дәріптегісі келетінін айтады.
Ал желі қолданушылары тұрғынның өнеріне тәнті болып, жылы лезбіздерін жазған.
"Тамаша көрініс", "Керемет", "Өте әдемі екен! Қолыңыздан әлі де күшті материалдар шыға берсін!", "Ұлттық құндылықтарды көптеп дәріптейік", "Мына жермен жүріп қиқым тұрмақ, із қалдырғың келмейді ғой", "Қолыңыз дерт көрмесін. Барлық жер осындай болса", "Жастарға әдемі өнеге көрсеттіңіз", "Өзінің тұратын жеріне бей-жай қарамай, тазалықта, әсемдікте ұстаған қандай жақсы", - деп жазып жатыр желі оқырмандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2212475-tamasha-korinis-paterining-kireberisin-ulttyq-naqyshta-bezendirgen-aqtaulyq-turgyn-zheli-qoldanushylaryn-tanti-etti-video/