Зектілері

Алдағы күндері елімізде 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Жарияланған күні:

аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Келесі аптада орталық пен шығыста 35 градусқа дейін аяз күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді.

Осыған байланысты ел аумағында жел күшейіп, қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал.

18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.

20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында, 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты қар жаууы ықтимал.

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендеп, мына өңірлерде аяз болуы мүмкін:

  • батыста 10-20 градус;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус;
  • орталық пен шығыста 25-35 градус;
  • оңтүстікте 12-25 градус аяз күтіледі.

"Ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырамыз", - деді синоптиктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2212575-aldagy-kunderi-qazaqstanda-35-gradusqa-deiin-aiaz-boluy-mumkin/