"Жанып тұрған шамды байқаған": елордада қырағы тұрғын марапатталды
Жарияланған күні:

Қырағылық пен азаматтық жауапкершілік танытып, өрттің алдын алуға көмектескен елорда тұрғыны марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖД мәліметінше, 2025 жылғы 15 қаңтарда кешкі уақытта Астана тұрғыны Юлия Шимон Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі көрші көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Ол терезенің жанындағы үстелдің үстінде жанып тұрған шамды байқаған. Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, ақпараттың рас екені көз жеткізген. Қырағы тұрғынның арқасында өртті болдырмауға мүмкіндік туған.
"Юлия Шимон ерекше қырағылық танытты, бұл қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік берді. Оның уақтылы және шешуші әрекеті - әр азаматтың байқампаздығы мен абай болуы маңызды екенінің айқын мысалы болып табылады. Біз осындай адамдарды мақтан тұтамыз және оның әрекеті басқаларға үлгі болады деп үміттенеміз", - деді Астана қаласы ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Мырзагелдиев.
Қырағылығын, жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын ескере отырып, ТЖМ басшысының тапсырмасы бойынша Юлия Шимон грамотамен марапатталған.
Өз кезегінде Юлия Шимон кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін құтқарушыларға алғыс айтты.
"Олардың жұмысы өте маңызды, елордада нағыз кәсіпқой мамандар жұмыс істейтінін мақтан тұтамын. Барлығыңызды мұқият және жауапты болуға шақырамын, өйткені қауіпсіздік өзімізден басталады", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2212637-ustelding-ustinde-zhanyp-turgan-shamdy-baiqagan-qyragy-elorda-turgyny-marapattaldy/