jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қар, бұрқасын, қатты аяз: демалыс күндері Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болады

Бұрқасын
Бұрқасын. Көрнекі фото: Gillian Henry/Getty Images

Сенбі-жексенбі күндері және алдағы аптада елімізде күн суытуы мүмкін. Әсіресе 22 қаңтар күні түнде ауа температурасы күрт төмендейді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Атлант мұхитынан келген ылғалды циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады деген болжам бар.

Синоптиктер еліміздің біраз бөлігінде жел күшейіп, тұман және көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді.

18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.

Қатты қар 20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында күтіледі.

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:

• батыста температура 10-20 градус аяз;

• солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;

• орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;

• оңтүстікте 12-25 градус аяз;

"Ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қар, бұрқасын, қатты аяз: демалыс күндері Қазақстан өңірлерінде күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.