Қар мен жаңбыр: бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде күн жылынуы ықтимал
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 18 қаңтар күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 1,9 м/с болмақ.
Астанада да синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -9 градусқа дейін жетіп, түнде -17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с болады.
Шымкентте бүгін қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 4 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2212724-qar-men-zhangbyr-bugin-qazaqstannyng-eki-megapolisinde-kun-zhylynuy-yqtimal/