Зектілері

Тұман, көктайғақ: еліміздің бірқатар өңірінде күн райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тұман
Тұман. Фото: pexels.com

Ертең, 20 қаңтарда еліміздің біраз бөлігінде күн райы бұзылып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады.

Астанада түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыста тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Көкшетау қаласында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қаласында 20 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 20 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 20 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 20 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда 20 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда а атұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада 20 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 2күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодарда 20 қаңтарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаевта кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Талдықорғанда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213007-tuman-koktaigaq-elimizding-birqatar-ongirinde-kun-raiynyng-buzyluyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/