Сот Алматы тұрғынын заңсыз салынған үш қабатты үйін сүруге міндеттеді (фото)
Жарияланған күні:

Алматыда меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен Черновицкая көшесі 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматының қала құрылысы бақылау басқармасының ақпаратына сүйенсек, меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.

"Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды", - делінген хабарламада.
Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.
Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 63 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213072-almatyda-zangsyz-salyngan-ush-qabatty-ui-surilip-zhatyr-foto/