Зектілері

"Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жарияланған күні:

Білім гранты
Түлектерге арналған білім гранты. Фото: freepik.com

"Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысы қабылданды. Қаулы Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2025 жылғы 17 қаңтарда "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан үкіметінің Қаулысы қабылданды, онда "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары бекітілді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген.

Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес:

  • қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді;
  • мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында "мемлекеттік қызметшілер" категориясы енгізілді. Бұл категория бойынша мемлекеттік қызметкерлерге "магистратура" бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады;
  • сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМҰ сияқты ұйымдарда өтеу мүмкіндігі қарастырылған;
  • конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.

Жалпы бұл өзгерістер "Болашақ" халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің әр түрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213319-bolashaq-stipendiiasyna-umitkerlerdi-irikteu-qagidalaryna-ozgerister-engizildi/