Зектілері

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері бірнеше күнге жабылады

Жарияланған күні:

Жүк көлігі шекара арқылы өтіп барады
"Нұр жолы" өткізу бекеті. Көрнекі фото: Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері бірнеше күнге жабылады. Қытайдағы Көктем мерекесін тойлауға байланысты қаңтардың 27-сінен 1 ақпанға дейін автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді.

"ҚХР-да Көктем Мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтар сағат 20:00-ден, 2025 жылғы 1 ақпан сағат 08:00-ге дейін, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.

Алайда Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Ведомство өкілдері тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушіден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213570-qytaimen-shekaradagy-avtomobil-otkizu-punktteri-birneshe-kunge-zhabylady/