jitsu gif branding logo appbranding logo app

Екі тәулік бойы қар жауады: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Қар күреп жүрген техника
Қар күреп жүрген техника. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 21-нен 22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік бойы қар жауады деп болжанып отыр. Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 22 қаңтар түнде ауа температурасы -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін төмендейді. Ал 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін аяз болып, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін суытады.

Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп жатыр.

"Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.

Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарланып отыр.

Бұдан басқа жолдардың қауіпті учаскелерінде, өрге, еңіске шығатын жерлер, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақытылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

Мұз қату, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуы, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз", - - делінген хабарламада.

Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қалалық әкімдік өкілдері жаяу жүргіншілерге тротуарларда абай болуды, шатырдан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүруді ескертеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.