Зектілері

Күн райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның 11 облысында жолдар жабылды

Жарияланған күні:

Тасжолдағы боран
Тасжолдағы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің басым бөлігінде күн райының күрт нашарлауына байланысты жолдар жабылды. Полиция күшейтілген режимге көшті. Жолдардың жабылуы туралы ақпарат "Қазавтожол" АҚ Telegram-арнасында жарияланды.

Қарағанды облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 16:00–де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1864-2005 шақырым аралығындағы учаскесінде (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 16:10-да ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 56-217 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ботақара ауылынан Қарқаралы қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты:

"Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады;

"Теміртау-Ақтау-Бастау" автожолының 0-53 шақырым аралығындағы учаскесінде (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 2005-2152 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты йҚызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 1206-1367 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 

Сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар-Успенка-Рф шекарасы" автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

Қостанай облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:15-те ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 7-218 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласынан Октябрьское ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

Ұлытау облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Жезқазған-Петропавл" автожолының 11-22 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жезқазған қаласы — Сәтбаев қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

Сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00–де ашу жоспарланған.

Түркістан облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тұрар Рысқұлов ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00–де ашу жоспарланған.

Түркістан облысы аумағында 21 қаңтар кешкі уақытта қар жауып, жолдар тайғақ бола бастады. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жолды жауып, күшейтілген тәртіппен қызметке көшті.

"Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытындағы және Шымкент бағытынан Алматы бағытындағы трассалар жабылып, барлық автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Осыған байланысты облыс тұрғындарын аса қажет болмаса жолға шықпауға шақырамыз", - деп ескертті ведомство.

Қызылорда облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00-де ашу жоспарланған. 

Шығыс Қазақстан облысы:

2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213829-kun-raiynyng-kurt-nasharlauyna-bailanysty-qazaqstannyng-11-oblysynda-zholdar-zhabyldy/